Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығы (2015.31.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығы

(2015.31.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларындағы іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

 

 

А. Жұмағалиев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

2015 жылғы 27 наурыз

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық және

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции