Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына 3-қосымша) (2020.15.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2024.06.03. № 211 бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу
жүйесі мен өлшемшарты
(2020.15.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.15.04. № 328 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты (бұдан әрі - Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлерін кәсіби дамытудың жағдайларын, қызмет бойынша жоғарылатудың жағдайлары мен өлшемшартын анықтайды.
2. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартында пайдаланылатын түсініктер:
1) кәсіби даму - бәсекеге қабілеттілігінің және қызметте тиімділігінің деңгейін арттыру мақсатында қызметкердің кәсіби құзыреттерін дамыту процесі. Кәсіби даму ІІО-ның әрбір қызметкерінің міндеті болып табылады;
2) қызмет бойынша жоғарылату - кәсіби даму нәтижесінде жүзеге асырылатын қызметкердің төмен тұрған лауазымнан жоғары тұрған лауазымға ауысуы.
3. Мансаптық өсу жүйесін қызметкерлердің кәсіби даму тәртібі мен құралдары, қызмет бойынша жоғарылату тәртібі құрайды.
Мансаптық өсу өлшемшарты қызмет бойынша жоғарылатуға үміткер қызметкер белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс: лауазымның біліктілік талаптары, кәсіби даму деңгейіне (кәсіби құзыреттер деңгейіне), тиімділік және бәсекеге қабілеттілік деңгейіне қойылатын талаптар, кадр резервінде болу болып табылады.
4. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты мынадай принциптерге негізделген:
1) әрбір қызметкердің тізбектелген, жоспарлы және үздіксіз дамуы;
2) кәсіби дамудағы және қызмет бойынша жоғарылатудағы мүмкіндіктер теңдігі;
3) меритократия (барынша дайындалған кәсіби кадрларды басымдық жоғарылату) негізінде қызмет бойынша жоғарылату.
Документ утратил силу
Демо – версия документа