Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТІҢ, САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ УАҚ...

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 Қаулысы

(2019.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.04. № 72 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.04. № 72 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 147 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку