«Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 Қаулысы
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Мына:
1) «Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22216 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31848 тіркелген) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа