(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.18.08. № 785 Қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және «Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.18.08. № 785 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа