(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 136 Қаулысы
(2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік органдарда құжат айналымды және іс жүргізуді жүзеге асыру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ақпараттық жүйелер мен жабдықтардың техникалық сүйемелденуі мен тұрақтылығын, сондай-ақ қолданыстағы электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 25 наурыздағы
№ 136 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«146. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысына шығарылатын жобалар бойынша:
Редакция документа
Демо – версия документа