(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕ...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысы
(2019.30.12. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 188-құжат);
2) «Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 206-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 165-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 8 маусымдағы
№ 645 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа