Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.21.12 № 1573 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1573 Қаулысы

(2012.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 1573 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-138, 21-139, 21-140, 21-141 және 21-142-жолдармен толықтырылсын:

«21-138. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы

21-139. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

21-140. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

21-141. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

21-142. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы»;

«Алматы қаласы» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-135, 123-136 және 123-137-жолдармен толықтырылсын:

«123-135. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы

123-136. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

123-137. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

«Павлодар облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 258-жол алынып тасталсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку