«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 269 бұйрығы
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 269 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.»;
7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Демо – версия документа