Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕТТЕГІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРІН ТАЛДАУДЫ ЖҮ...

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы

(2021.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.27.04. № 190 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.27.04. № 190 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. «Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қантардағы № 32 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілердің тізілінде № 10312 тіркелінген 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку