(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ЖӘНЕ БАСҚА ДА АРХИВ...
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 575 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды
ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар Ұлттық архив қорының (бұдан әрі - ҰАҚ) құжаттары мен басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің (бұдан әрі - ұйым архиві) қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа