Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 811 бұйрығы

 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 811 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш (бұдан әрі-өтініш) беру арқылы жүзеге асырылады, оны құрылтайшы (құрылтайшылар) порталда толтырады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Электрондық тіркеу жағдайында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі-ЗТ МДҚ) түсетін өтініш негізінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік қызметтер Заңына сәйкес көрсетілген қызметті алушының жеке басын биометрикалық сәйкестендіру де жүргізілуі мүмкін.».

2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку