(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ...
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 Қаулысы
(2024.30.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.28.06. № 33 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 17) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13068 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашыкбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Редакция документа
Демо – версия документа