Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫ...

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 Қаулысы

(2013.04.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2013.07.06. № 588 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 1 тамыздағы

№ 891 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі - МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) өтінім беруші - уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;

2) тапсырыс беруші - ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку