«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 159 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 159 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
Бас Прокурорының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 159 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Демо – версия документа