(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРБЕС СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМ...
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығы
(2020.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2020.02.06. № 560 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қосу үшін жолдауын;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2020.02.06. № 560 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 102 бұйрығымен бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа