(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.22.05 № 409 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 1-қоғам) қосылу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - 2-қоғам) етіп қайта құрылу жолымен;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары олардың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі - серіктестіктер) етіп қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналардың қызметінің негізгі мәні:
1) 1-қоғамның:
агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
өндіріске ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары өнімді тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімдерін өндіру және тарату;
2) 2-қоғамның:
агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау;
агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа