Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Рухани-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпарат тарату «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 19 маусымдағы

№ 414 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции