(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОҚУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ...
Оқу орталықтарының қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығы
(2021.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.28.12. № 922 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 8 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Редакция документа
Демо – версия документа