Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ...

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығы

(2017.21.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы - Армия орталық спорт клубының бастығы:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» мемлекеттік республикалық кәсіпорынының ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Ә. Жасұзақовқа жүктелсін.

4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енгізіледі.

 

 

Министр

С. Ахметов

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2017.21.08. № 471 бұйрығымен нормативтер жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2014 жылғы 5 мамырдағы

№ 195 бұйрығына

қосымша

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку