«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 670 Қаулысы (күші жойылды)
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 670 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 641 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 670 қаулысымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа