(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ Т...
Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, Үйлестіру кеңесінің стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асырудың ерекше шарттарын ұсыну жөніндегі өкілеттіктерін (оның ішінде салықтық преференциялар, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы, жер қойнауын пайдалану құқығы, жер учаскелерін беру, шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылым жеткізу, қаржыландыру және субсидиялау шарттары, визалық және көші-қон режимі, рұқсат беру және келісу рәсімдерінен өтудің өзге де тәртібін айқындау) заңнамалық деңгейде айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
Редакция документа
Демо – версия документа