(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТТІ...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 Қаулысы
(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 10 қаулысымен
бекітілді
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі - Инвестициялық қорлар туралы заң) және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы (бұдан әрі - Секьюритилендіру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа