«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 1 бұйрығы
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 1 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасын, 7-бабының 2-тармағын, 29-бабының 7-тармағын және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағы іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кәсіби құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді анықтау және бәсекеге қабілеттілікті есепке алу әдістері мен қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық болжауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (Экономикалық тергеу қызметі) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12776 болып тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 18339 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Демо – версия документа