(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ А...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысы
(2020.02.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 20-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.22.12. № 1027 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесу органы;
Редакция документа
Демо – версия документа