Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨҢІРЛІК ЖАСТАР ФОРУМЫ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРДЫ БЕ...

Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 244 бұйрығымен бекітілген

 

 

Өңірлік жастар форумы туралы

үлгілік қағидалар


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумдарын өткізу тәртібін айқындайды.

2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі - Форум) - жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку