«Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы (күші жойылды)
Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысатын мынадай медициналық ұйымдар (бұдан әрі - пилоттық медициналық ұйымдар) айқындалсын:
1) Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының «№ 2 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша);
2) Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «№ 4 қалалық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша).
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - РСАО) пилоттық медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шараны өткізуге жауапты болып айқындалсын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
4. Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша):
1) Жоспардың іс-шараларының іске асыруды;
2) ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін РСАО-ға Жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. PCАО:
1) Жоспардың іс-шараларының іске асырылуына ай сайынғы мониторингті және талдауды;
2) Жоспардың іс-шараларының әдістемелік сүйемелдеуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа