Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОСҚЫН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ, ҰЗАРТУ, ОДАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ...

Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 Қаулысы

(2021.04.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 9 наурыздағы

№ 183 қаулысымен

бекітілген

 

 

Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - «Босқындар туралы» Заң) сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

пана іздеген адамның куәлігі - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын уәкілетті орган беретін құжат;

босқын куәлігі - босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;

жол жүру құжаты - босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүріп-тұруы үшін берілетін құжат;

уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

 

 

2. Босқын мәртебесін беру және ұзарту тәртібі

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку