«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 615 Қаулысы
«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 615 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасыларға беруге, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа