«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысы (2023.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысы
(2023.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2022.26.05. № 339 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдар арқылы кәмелетке толмағандарға және кәмелетке толғандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары - бұл мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ерекше нысандарына мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылатын мемлекеттік саясат бағыттарының бірі.
ҚР Үкіметінің 2016.24.10. № 615 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа