(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИН...
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастар дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
4) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
5) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
6) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
7) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне;
8) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа