(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 57 бұйрығы
(2020.29.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020.29.05. № 158 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11446 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа