(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2015....
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
2. «Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардын, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 490 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 8584 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы «Казахстанская правда» № 302 (27576); 2013 жылғы 26 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 240 (28179) газеттерінде жарияланған) күші жойылды ден танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов);
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Редакция документа
Демо – версия документа