(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.02 № 72 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 72 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қарамағындағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдар қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Аумақтық бөлімшелер» деген бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көліктегі аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті:
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атбасар бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атырау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Редакция документа
Демо – версия документа