«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 170 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 170 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 170 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;»;
266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«266) мемлекеттік жоспарлау салаларындағы уәкілетті органмен бірлесіп ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 272-6) тармақшамен толықтырылсын:
«272-6) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;».
2. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережеде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Демо – версия документа