«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 187-ө өкімі (2024.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 187-ө өкімі
(2024.31.12. берілген өзгерістермен)
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 187-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі» деген жолдар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Көлік министрі»;
мына:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа