(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚА...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын мынадай нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес консультацияларды тіркеу журналы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүгедектік және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамаларды есепке алу журналы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүгедектік туралы анықтаманы беруді тіркеу журналы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманы беруді тіркеу журналы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмені беруді тіркеу журналы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытындыларды беруді тіркеу журналы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама актілерінің қозғалысын есепке алу журналы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мүгедектік туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмелерді әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органдарға беру (жіберу) тізілімі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмелерді әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органдарға беру (жіберу) тізілімі бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа