(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИК...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы тамыздың 16-ы.
№ 532
Президентінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 532 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ант беру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа