(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және «Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 709 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 218-1) тармақшамен толықтырылсын:
«218-1) арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындау;»;
305) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«305) шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 323-1) тармақшамен толықтырылсын:
«323-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;»;
ведомстволардың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:
«159-1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін әзірлеу;»;
Редакция документа
Демо – версия документа