Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімі

 

Осы редакция 2018 жылғы 25 қаңтарда, 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - консультативтік-кеңесші органдар) құрылсын:

1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес;

2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес;

3) осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес;

4) осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия;

5) осы өкімге 5-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия;

6) осы өкімге 6-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

7) осы өкімге 7-қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия.

2. Қоса беріліп отырған мынадай консультативтік-кеңесші органдардың ережелері бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже;

2) Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже;

3) Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже;

4) Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку