Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.04.02 № 49 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 ақпандағы

№ 49 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 584-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат алуға құжаттары түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығын тексереді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексергеннен кейін газды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жібереді.»;

11-тармақта:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку