«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 834 Қаулысы (күші жойылды)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 834 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 834 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 маусымдағы
№ 645 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін (бұдан әрі – субъектілер) аккредиттеуден өткізу, аккредиттеуден өткізу үшін құжаттар тапсыру, оларды қарау және ғылым саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлігін беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу туралы куәлік – жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат;
Документ утратил силу
Демо – версия документа