(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.06.01 № 4 БҰЙРЫҒЫ
Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау
Редакция документа
Демо – версия документа