(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САУДА-САТТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ТІЗБЕСІН...
Сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 59 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мәмілелердің тараптары көрсетіле отырып, бағалы қағаздармен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларына өтiнiмдер туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес оларға қатысушылар көрсетіле отырып, бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес туынды қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес мәмілелердің тараптары көрсетіле отырып, туынды қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес шетел валюталарын сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес шетел валюталарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы тiзiмiнiң жекелеген секторларына (санаттарына) кiретiн бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа