(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫ...
Инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 1087 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа