Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Ғылыми, білім беру және мәдени қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтардың мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік және таратылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысының бекітілуін;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне берілуін;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции