«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 Қаулысы (2017.27.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 Қаулысы
(2017.27.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 45 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 45 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесі;
2) тармақша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қалдықтары және орналастырылған салымдар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есеп;
4) тармақша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
6) тармақша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен жасалған «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
8), 9) тармақшалары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Документ утратил силу
Демо – версия документа