Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТР НЕМЕСЕ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛАТЫН ЕҢ ЖАҚЫН НҮ...

Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

В. Школьник

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 20 ақпандағы

№ 117 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Электр немесе жылу желілеріне қосылатын ең жақын нүктені айқындау және

жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу

қағидалары

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку