«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 (жүз) пайыз мемлекеттік қатысу үлесі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 670 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
Демо – версия документа