«Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы (2025.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы
(2025.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.04.03. № 76 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.04.03. № 76 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-5, 5-6 - баптарына «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.04.03. № 76 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа